Нариман Құрбанов Германияда қола медаль иеленді
Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Нариман Құрбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Құрбанов осы бағдарламаның ақтық сынында 14,933 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.
Бірінші орынды 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленді. Екінші орын армениялық Мамикон Хачатрянға бұйырды - 14,966 ұпай.
Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.
Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы жаңа маусымда Алматыда қатарынан үш матч өткізетінін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript