Parimatch
сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы ойын кездесуіне болжам жасады.
"Фулхэм"
"Саяжайшылар" осы маусымда ай қарап отырған жоқ, турнир кестесінің 7-ші қатарында бола тұрып, Еуропа лигасына кіру үшін барын салып шайқас жүргізуде. Марко Силваның шәкірттері кестенің көшбасшы үштігінің қайсысына болса да, оңай олжа бола қоймас, өйткені олар ойын барысында шабуыл мен қорғанысты бірдей шебер қолданып келеді. Виллиан, Соломон және Митрович "Арсеналдың"қорғанысына біраз қиындық туғызатыны анық.
"Арсенал"
Микель Артетаның командасы соңғы жылдардағы алғашқы чемпиондықтарын жеңіп алуға бел буғанын байқауға болады. "Шабуылшылардың" тек бір мақсаты бар, ол - жеңіс. Олар 12 турға созылған қашықтықты өтіп, "Манчестер Ситиден" бес ұпайлық артықшылықты жоғалтып алмауы тиіс. Осы мақсат үшін бейсенбіде өткен матчта "Арсенал" тіпті Еуропа Лигасындағы лиссабондық "Спортингке" қарсы алғашқы матчтың нәтижесін құрбан етті: жаттықтырушы өзінің кейбір көшбасшы ойыншылары – Эдегорға, Партиге, Габриэльге және басқаларға демалуға мүмкіндік берді. Сондықтан оның командасы" Фулхэмге " қарсы ойынға барынша дайын деп айтуға болады.
Жеке кездесулер тарихы
"Фулхэм" соңғы рет 2012 жылдың қаңтар айында "Арсеналдан" 3 ұпайын тартып ала алды. Содан бері өткен 9 матчта "канонирлер" 7 рет жеңіске жеткен. Олардың соңғы бетпе-бет кездесуі "саяжайшылардың" көңілдеріне тиді: олар екінші таймның басында Митровичтің күшімен есеп ашқан, көп ұзамай Эдегор ол есепті теңестірді. Қонақтар 86 минутқа дейін тең нәтижені ұстап келді. Алайда, Габриэль қарсыласының көңіл-күйін қақпаға түсірген дәл соққысымен бұзды.
Матчқа болжам
Жоғарыда айтқанымдай, "Арсеналға" бұл шайқаста оңай болмайды деп ойлаймын. Және олар жеңіске жеңіл жетеміз деп ойламауы тиіс. Ия, олардың жеңісіне ұтыс тігу өте қисынды көрінеді, бірақ менің ойымша, "иә - екі команда да гол соғады" нұсқасы өте тартымды көрінеді, өйткені бұл командалар арасындағы матчтар көбінесе өзара гол соғумен аяқталады. Parimatch-тегі достарым бұл оқиғаны өте тартымды 1.87- коэффициентімен бағалайды.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне төмендегідей болжам жасайды:
"Фулхэм" - 6.10, Тең ойын - 4.10, "Арсенал" -1.59