Елена Рыбакина қазақ еліне алғысын айтты

Сурет: ktf.kz
Теннисші Елена Рыбакина Қазақстандағы жанкүйерлеріне алғысын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстандағы жанкүйерлеріме, қазір жаңа жеңістерді бағындыруға ұмтылып жатқан жігіттер мен жасөспірімдерге ерекше алғыс айтамын! Бәрі де мүмкін. Маған сеніп, үнемі қолдап отыратындарыңыз үшін рахмет... Сіздердің көмектеріңізбен мен кортта қолымнан келетіннің бәрін жасай аламын", –  деп жазды Рыбакина 21 наурызда Instagram парақшасында.

20 наурыз күні Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ ол ресми түрде "әйелдер арасында әлемнің жетінші ракеткасы" деген атаққа ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі беделді турнирдегі жарқын жеңісімен құттықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз