Тоқаев Рыбакинаны құттықтады

Елена Рыбакина, Индиан-Уэллс, теннис Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі беделді турнирдегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің құттықтауы Тоқаевтың Instagram парақшасында жарияланды.

"Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны @lenarybakina құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті".Қасым-Жомарт Тоқаев


Мемлекет басшысы сөз соңында Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете беретініне сенім білдірді.

20 наурыз күні Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз