Тоқаев Елена Рыбакинаны Уимблдон финалына шығуымен құттықтады
![Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 23:17](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-86549a68-e44e-45b9-87be-e0c921aa3e64/800x451.webp)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Уимблдон финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
Елена Рыбакинаны ең беделді Уимблдон теннис турниріндегі үлкен жетістігімен құттықтаймыз. Ол финалға өтті!Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2022 жылғы Уимблдон чемпионы атағына таласады. Ағылшын чемпионатының бас жүлдесі үшін Елена Рыбакина тунистік Онс Жабермен күш сынасады. Финалдық кездесу 9 шілдеде өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript