Тоқаев Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады

Құттықтау, Тоқаев, Рыбакина, Australian Open, теннис, турнир, жеңіс, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2026 17:06 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 31 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!".

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы өз мансабында бірінші рет AusOpen турнирінде жеңіске жетіп, чемпион атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: