Australian Open-2026: Елена Рыбакина чемпион атанды

Елена Рыбакина, теннис, Australian Open-2026, чемпион  , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2026 16:16 Сурет: Instagram/LenaRybakina
31 қаңтарда Мельбурнде теннистен Австралия ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей сыны бойынша финалдық кездесу өтті. Елена Рыбакина (Қазақстан) мен Арина Соболенко (Беларусь) чемпиондық атақты өзара сарапқа салды, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлемнің бесінші ракеткасы планетаның ең үздік теннисшісімен болған текетіресте Род Лейвер аренасында осы матчта асыға күткен миллиондаған жанкүйерлердің үмітін ақтады.

Бірінші сетте-ақ 6:4 есебімен Рыбакина суырылып алға шықты. Содан кейін Соболенко кездесудің барысына өзгеріс енгізіп, екінші партияда жетістікті өз еншісіне тарта білді. Есеп – 6: 4.

Матчтың тағдыры үшінші - қорытынды сетте шешілді. Бқл жолы сәттілік отандасымызға бұйырды: 6:4.

Осылайша, Рыбакина 2023 жылғы Австралия чемпионатының финалында жол беріп алған Арина Соболенкодан есесін қайтарып, реванш алды.

Нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы өз мансабында бірінші рет AusOpen турнирінде жеңіске жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: