Тоқаев Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Рыбакина, теннис, Тоқаев, АҚШ Ашық чемпионаты, құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 09:08 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 13 қыркүйекте Ақорданың аспасөз қызметі хабарлады:

"Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге", делінген құттықтауда.

Бұған дейін Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: