АЧ-2023: Грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов алтын медаль еншіледі

Сурет: Instagram/kazakhstan__wrestling
Грек-рим күресінен Азия чемпионатының екінші күнінде отандастарымыз барлық бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 72 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Магомадов алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан балуаны шешуші жекпе-жекте Иран спортшысы Саид Әли Именталабфуманимен бірге боз кілемге шықты. Есеп: 5:2. Осылайша, Ибрагим Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. 

Магомадовтың алдында қола медаль үшін тағы екі балуанымыз таласты. Бірінші болып өнер көрсеткен Ернұр Фидахметов (60 кг) өз мүмкіндігін пайдалана алмады, сөйтіп 2:4 есебімен қытайлық Лигуо Чаоға жол берді. 

Ал Қазақстан командасының тәжірибелі спортшысы Алмат Кебісбаев Тәжікстан өкілі Фируз Мирзораджабовты 7:3 есебімен жеңіп, қола медальға ие болды.

Кешкі сессияда тағы екі қазақстандық спортшы - Диас Қален мен Олжас Сырлыбай боз кілемге шығады. Бірі "алтыннан", екіншісі "қоладан" үмітті. 


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы