"Бибосынов жекпе-жегінің дауы". Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының Президенті Умар Кремлёвқа ресми шағым жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатында аясындағы Сәкен Бибосынов пен үнді боксшысы Дипак Кумардың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне қатысты шағым түсірілді.

"Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) Президенті Умар Кремлёвтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне байланысты ресми шағым жолдады. Біз IBA басшылығынан жауап күтеміз. Өкінішке қарай, қазіргі ережелерге сәйкес наразылық білдіруге (апелляцияға) рұқсат етілмейді. Оның орнына судьялардың шешімін қайта қарау процедурасы ұсынылады: егер жекпе-жек 3:2 немесе 2:3 есебімен аяқталса. Басқа жағдайларда шешімді қайта қарау деген жоқ". Қазақстан бокс федерациясы

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырық түйістіріп, күтпеген жерден ұпай бойынша жеңіліп қалды. Осылайша, Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатындағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.

Халықаралық бокс федерациясының ресми мәлімдемесін күтеміз.

Оқи отырыңыз: Танымал спорт маманы Бибосыновтың жекпе-жегі туралы: Тең ойын, негізі...

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды