Бокстан ӘЧ-2023: Сәкен Бибосынов күтпеген жерден жеңіліске ұшырады
Сурет: Instagram/sakenbibosinov
Сәкен Бибосынов Ташкентте бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырық түйістіріп, күтпеген жерден ұпай бойынша жеңіліп қалды. Осылайша, Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатындағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
Бибосынов - 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және бокстағы қазіргі Әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол 2019 жылғы Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған, 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионаттарында бір қола, бір күміс медаль иеленген. Оның қарсыласы Дипак Кумар - 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript