Бокстан ӘЧ-2023: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Сурет: sports.kz
Қазақстан боксшысы Карина Ибрагимова Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
1/16 финалда 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ибрагимова колумбиялық Валерия Арболеда Мендоcамен қолғап түйістіріп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Осылайша, Карина Ибрагимова әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.
Айта кетсек, Ибрагимова әлем чемпионатында екі рет жеңімпаз тұғырынан көрінген: 2018 және 2022 жылдары ол қола жүлдегер атанды. Өткен жылы Карина Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript