Карина Ибрагимова бокстан Әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2022 19:24 Сурет: kfb.kz
Карина Ибрагимова (57 келі) бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда Карина Ибрагимова Ирландия боксшысы Микаэла Уолштың қарсылығына төтеп бере алды. Оның алдында Қазақстаннан жартылай финалға Алуа Балқыбекова (48 кг) мен Жайна Шекербекова (52 кг) жолдама алған еді. Сондай-ақ, бүгін кешке Дина Жоламан (54 кг), Валентина Хальзова (70 кг) және Гүлсая Ержан (81 кг) ширек финалдық кездесуде өз бақтарын сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: