Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Жайна Шекербекова, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 18:23 Сурет: Instagram/zhaina_shekerbekova51
Әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының үшінші күнінде қазақстандық құрама сапынан рингке бірінші болып Жайна Шекербекова (52 келі) шықты. Оның қарсыласы Путето-Рикодан келген бокс мектебінің өкілі Мелоди Варгас болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәжірибелі қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Жайна Шекербекова оңтүстікамерикалық боксшыға еш мүмкіндік қалдырмай, үш раундта айқын басымдықпен жеңіске жетті – 5:0.

11 мамырда Ыстамбұлда Шекербековадан бөлек Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі рингке шығады:

57 кг. Карина Ибрагимова - Клаудия Нечита (Румыния).

63 кг. Аида Әбікеева - Имане Хелиф (Алжир).

75 кг. Надежда Рябец - Бушра Ишильдар (Түркия).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: