Төртінші алтын: Нұрбек Оралбай қытайлық қандасымызды жеңді

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Өзбекстандағы бокстан әлем чемпионатының финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол финалдық кездесуде Қытай атынан өнер көрсеткен қазақ жігіті Тоқтарбек Таңатханды жеңді.

Нұрбек Оралбай осыған дейінгі кезеңдерде Ресей, Иордания, Түркия және Әзербайжан боксшыларынан басым түскен.

Еске салайық, бүгінгі финалдың кездесулерде қазақстандық боксшы, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов 71 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Саиджамшид Жафаровты жеңіп, ел қоржынына үшінші алтын медальді салды.

Сонымен бірге бүгін Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалында 54 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Ойбек Жураевты жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Кеше, 14 мамырда Санжар Тәшкенбай (48 келі) Қазақстан құрамасына алғашқы "алтынды" сыйлады. Тағы бір қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келі) күміс жүлде иеленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы