Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды
Cурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалында 54 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Ойбек Жураевты жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Махмұд Сабырхан үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Қазақстандық боксшы мұның алдында Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын ұтқан.
21 жастағы Махмұд Сабырхан үшін бұл - ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы екінші медаль. Ол бұған дейін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болған.
2022 жылы ол Азия чемпионатының финалына дейін жетіп, биыл Азия жастар чемпионатының жеңімпазы атанды.
Осылайша, Махмұд Сабырхан Қазақстан қоржынына 2023 жылғы әлем чемпионатындағы екінші алтын медальді салды.
Кеше, 14 мамырда Санжар Тәшкенбай (48 келі) алғашқы "алтынды" алған еді. Тағы бір қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келі) "күміс" иеленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript