Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

olympic.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2021 06:11 olympic.kz
20 жасында әлем чемпионатының финалында сынға түскені де Махмұдтың талантты боксшы екенін көрсететіні анық.

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны күміс жүлдемен толықты. 20 жастағы Махмұд Сабырхан әлемдік сынды екінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz мәліметі бойынша, 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылды.

Аталған жекпе-жек Махмұд Сабырхан үшін үлкен тәжірибе болғаны анық. Әлем чемпионаты барысында мамандар мен жанкүйерлерден жоғары баға алған Сабырхан финалда жастығынан және тәжірибенің аздығынан тізе бүкті.

Бірінші раундта Махмұд аздаған басымдықпен жеңіске жеткенімен, қалған екі раундта жапондық боксшының соққылары дәл әрі мықтырақ болды.

Бұл - Махмұд Сабырхан қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты. 20 жасында әлем чемпионатының финалында сынға түскені де Махмұдтың талантты боксшы екенін көрсететіні анық.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: