Боксшы Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Боксшы Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2025 17:40 Сурет: olympic.kz
Махмұд Сабырхан бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Махмұд ақтық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.

Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: