Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2025 16:39 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен төрешілердің шешімі бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: