2024 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Астана, Халықаралық бокс қауымдастығы, Боксан әйелдер арасындағы чемпионат Сурет: Instagram/aiba_official
Ташкентте өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) директорлар кеңесінің ресми отырысында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты келесі жылы Астанада өтетіні туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге өтінімді Қазақстан бокс федерациясының жауапты тұлғалары берген. "Барыс Аренада" ғаламшардың үздік боксшылары рингте ең мықтыларды анықтайды, деп мәлімдеді Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) баспасөз қызметі.
"Қазақстан сияқты қуатты бокс державасы IBA-ның ірі турнирлерінің бірін өткізеді. Әлем чемпионаты 7 жыл бұрын Астанада өткен болатын, енді одан да күшейіп қайта оралады, өйткені біз әйелдерге арналған жүлде қорын көбейтеміз. Чемпиондар 200 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде алады, ал жалпы жүлде қоры 12 номинация бойынша 4,8 миллион доллар болады. Бұл соманың 10 пайызы құрама жаттықтырушыларына беріледі. Керемет чемпионатты асыға күтудемін және боксшыларды 2024 жылы Астанада қарсы аламын". IBA басшысы Умар Кремлев

2025 жылы Жапонияның Осака қаласында өтетін бокстан кезекті әлем чемпионатының жүлде қорының көлемі белгілі болды. Екі жылдан кейін чемпион атанған боксшыға 10 миллион АҚШ доллары беріледі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр