Ролан Гаррос: тағы бір қазақстандық теннисші турнирден шығып қалды

Cурет: instagram.com/skatov_timofey/
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Францияның астанасы Парижде өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы айналымындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимофей Скатов бірінші айналымда болгариялық теннисші, әлемнің 29-ракеткасы Григор Димитровпен ойнады.

Қазақстандық теннисші 0:6, 3:6, 2:6 есебімен ұтылды. Матч 1 сағат 50 минутқа созылды.

Тимофей Скатов өз карьерасында алғаш рет іріктеуден өтіп, "Ролан Гаррос" турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алған еді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик "Ролан Гарростың" алғашқы раундынан-ақ сүрінген еді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін