Александр Бублик әлемнің 129-ракеткасынан жеңіліп қалды
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франция ашық чемпионатындағы (Ролан Гаррос) жекелей сын бойынша ойынын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Александр Бублик алғашқы ойында әлемнің 129-ракеткасы Джулио Зеппиериден ұтылып, "Ролан Гарростың" екінші раундына өте алмады.
Ойын 6:0, 4:6, 4:6, 6:3, 7:5 есебімен аяқталды. Матчтың 3 сағат 20 минутқа созылды.
Бублик 17 рет эйс жасап, 12 қос қателік жасады және 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды.
Енді қазақстандық теннисші 1 маусымда венгриялық Мартон Фуковичпен бірге германиялық Андрес Миес пен голландиялық Мэттью Мидделкопқа қарсы ойнайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript