Александр Бублик Женевадағы турнирден шығып қалды

Александр Бублик Женевадағы турнирден шығып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 09:26 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Женева турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіліп, оған қатысуын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик өзінің алғашқы және соңғы кездесуін америкалық Маркос Жиронмен өткізді. Горон ATP рейтингінде 74-орында, Бублик 48-орында, деп жазады Sports.kz.

Корттағы кездесуде Александр Бублик америкалық теннисшіден екі сетте жеңіліп қалды. Ойын 0:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Александр Бублик Швейцарияның Женева қаласында өткен турнирге қатысуын аяқтады.

Еске салайық, 22 мамырда қазақстандық Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі бойынша ресми түрде планетаның төртінші ракеткасы атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: