Александр Бублик Мадридтегі турнирдің екінші айналымында жеңіліп қалды

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2023 09:50 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридте өткен Мастерс турнирінің екінші раундында Дэйн Холгер Рунемен кездесуінде жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ATP нұсқасы бойынша әлемдік рейтингіде 55-орында тұрған Александр Бублик әлемнің жетінші ракеткасы Холгер Рунемен кездесті.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін есепті теңестірді, 6:4. Шешуші, үшінші сетте Руне тай-брейк кезінде басым түсті. Есеп 7:6 (11:9) болды.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жекелей сында бастапқы айналымнан өте алмай, әлемдік рейтингте 60-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаядан жеңілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: