Александр Бублик Римдегі турнирдің екінші айналымында америкалық теннисшіні ұтты
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим Мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakonkz.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Бен Шелтонмен ойнады.
Матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Есеп 6:4, 1:6, 6:2.
Бұл матчта Александр Бублик 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал америкалық теннисші 11 эйс, 2 брейк жасады.
Енді Александр Бублик келесі кезеңде әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Рууд немесе 89-ракетка, франциялық Артур Риндеркнештің біреуімен ойнайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript