Бублик Мадридтегі турнирдің төртінші айналымында 19 жастағы чехиялық теннисшіге есе жіберді

Бублик Мадридтегі турнирдің төртінші айналымында 19 жастағы чехиялық теннисшіге есе жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 18:39 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 75-ракеткасы Александр Бублик Мадрид (Испания) мастерс турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик төртінші айналымда әлемдік рейтингіде 23-орындағы чехиялық Якуб Меншикпен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласына екі сетте 3:2, 2:6 есебімен есе жіберді. Бублик матч кезінде төрт эйс жасап, бір қос қателік жіберді. Ал чехиялық Якуб Меншик 10 эйспен көзге түсті және бір рет қос қателік жасады, төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. 

Айта кетейік, бұған дейін Александр Бублик Мадридте өткен жылғы чемпионды ұтып, төртінші айналымға өткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: