Еуро-2024 іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылып қалды

Сурет: Instagram/kff_team
"Астана Арена" стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия құрамалары арасында көптен күткен футбол ойыны өтті. H кіші тобының көшбасшыларының текетіресі Финляндия құрамасының жеңісімен аяқталды. Есеп: 1:0, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стадион кісіге лық толы болғанын, билеттер екі апта бұрын түгі қалмай сатылып кеткенін баса айта кетелік.

Ойынның 6-шы минутында-ақ Бақтияр Зайнутдинов есеп ашуы мүмкін еді, алайда оның соққан добы қақпадан жоғары өтті. Одан кейін Финляндия құрамасының ең үздік бомбардирі Теэму Пууки біздің қақпамызға қарай екі рет доп соғып, қауіпті жағдай тудырды. Бірақ, Қазақстан командасының бағына қарай, оның екеуі де мүлт кетті. Сирек болса да қарсы шабуылдар ұйымдастыра білген қос команда есеп ашпастан үзіліске кетті.

Екінші таймда Оливер Антман қазақстандық команданың қорғанысынан олқылық тауып, Игорь Шацкийдің қақпасына доп салд. Осылайша Финляндия құрамасы 78-минутта сәттілікке қол жеткізді. Бұл гол осы ойында соғылған жалғыз болды әрі Финляндияға жеңіс әкелді. Сөйтіп олар H кіші тобында жалғыз көшбасшы атанды. Олардың активінде 12 ұпай бар, ал Магомед Адиевтің шәкірттері 9 ұпаймен 2-ші қатарға сырғыды.

Қазақстан келесі ойынды 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты