Азия ойындарында тағы бір дзюдошымыз қола жүлдеге ие болды

Сурет: olympic.kz
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар ұлттық құрама қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дзюдодан 81 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті.

Әзірге Қазақстан дзюдошылары 1 күміс, 3 қола жүлде алып берді.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова өзбек спортшысы Севинч Исоковадан басым түссе, Әбиба Әбужақынова ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы күміс медальды әперді.

48 келі салмақта отандасымыз алтын медаль үшін таласта үш дүркін әлем чемпоны, 2018 жылғы Джакатадағы Азия ойындарының жеңімпазы жапондық Натсуми Тсунодоға жол беріп алды. 

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі