Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында дзюдодан қола жүлдегер атанты
Сурет: olympic.kz
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің 25 қыркүйек күнгі мәліметінше, медаль үшін күресте Эсмигүл Куюлова өзбек спортшысы Севинч Исокованы жеңді.
"Жеңіс оңай берілмейді, бірақ бүгін Эсмигүл жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оның алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бұл – Қазақстан құрамасының осы Азиададағы дзюдо бойынша үшінші медалі. Кеше 48-ге дейінгі салмақтағы күмісті Абиба Абужақынова жеңіп алды, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript