Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Сайрамкез Ақмолда күміс жүлде жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Сайрамкез Ақмолда күміс жүлде жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2024 17:30 Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен 2-орын иеленді.

Ерлер. 67 келі

Ри Вон Джи 317 келі (137+180)

Сайрамкез Ақмолда 292 келі (126+166)

Терават Ратфет 286 келі (128+158)

Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: