Қазақстандықтар ауыр атлетикадан Азия чемпионатында үшінші «алтынды» жеңіп алды
Сурет: Instagram/wf_rk
Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қостанайлық ауыр атлет Денис Полубояринов тұғырдың ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жас зілтемірші 81 келіге дейінгі салмақта Азия бәсекесінде топ жарды. Екі түрдің қорытындысы бойынша Денис Полубояринов 313 (жұлқа көтеру – 140, серпе көтеру – 173) келіні бағындырды.
Қазақстандық спортшының бұл көрсеткіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да есептеледі.
Еске салайық, Денис Полубояринов Едіге Емберді сияқты биыл Мексикада жастар арасында әлем чемпионы атанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript