Спортшыларымыз Азия ойындарында екінші алтынды иемденді

Сурет: olympic.kz
Зухра Ирназарова Қазақстанға Азиаданың екінші алтынын алып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Біздің отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті.

Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль. Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 баллға жеткізді.

"Керемет нәтиже! Зухраны кез-келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін", – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

27 қыркүйек күні стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанған еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді