Спортшыларымыз Азия ойындарындағы алғашқы алтынды ұтып алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан әйелдер командасы стенд атудан Ханчжоуда өткен XIX Азия ойындарында алғашқы алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпарат бойынша, стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды.
"Қыздарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын! Алтын медальдан басқа, біздің спортшылар жарыс рекордын да орнатты, бұл жеңісті одан да әсерлі етеді. Естеріңізге сала кетейін, Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогында біздің құрама бірінші жалпы командалық орынға ие болған. Бүгін бүкіл Азия бұл табыстың кездейсоқ емес екенін түсінді", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, отандық мергендер бірінші орынға ие болып қана қоймай, жалпы 350 балл жинап, Азиада рекордын орнатты. Олар Қытай (348 ұпай) және Таиланд (342 ұпай) командаларынан озып кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript