Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азиаданың қола медалін жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, медаль үшін шайқаста Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті. Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті.
Бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль. Отандық татами шеберлерінің қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript