Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі

Стенд ату, Қазақстан, Азия чемпионаты, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 18:53 Сурет: olympic.kz
Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы стенд атудан тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы спортшыларымыз күміс жүлдені еншіледі.

Жеңіс тұғырының екінші сатысына Эдуард Ещенко мен Анастасия Молчанова көтерілді. Олар аралас командалар арасындағы "скит" бағдарламасында екінші орын иеленді.

Алтын медальді Қытай жұбы жеңіп алды. Үшінші орынға Қатар мен Үндістан тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Молчанова жекелей сайыста қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: