Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді

Жеңіл атлеттика, Азия чемпионаты, алтын медаль, Оңтүстік Корея, Нора Джеруто , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2025 15:55 Сурет: ҚР ҰОК
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нора Джеруто екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 мамырда спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті.

Джеруто 4:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті.

Үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), ал жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86).

Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар.

  • Бірінші орынды Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) жеңіп алды.
  • Күміс жүлдені Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) иеленді.

Қола жүлде Джепкемейге (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) және Ясмина Тоқсанбаеваға (20 шақырымдық спорттық жүріс) бұйырды.

Бұған дейін Ташкенттегі WTT Youth Contender турниріндегі қазақстандықтардың аралық нәтижесі жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: