Жеңілатлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Жеңілатлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 17:03 Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді.

Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.

Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: