Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 18:00 Сурет: olympic.kz
Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшылар 4×400 метрлік аралас эстафетада чемпион атанды. Құрамында Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс өнер көрсеткен команда мәреге 3:16.75 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.

Күміс жүлдені Үндістан құрамасы (3:17.06) иеленсе, Қытай спортшылары 3:17.20 нәтижесімен қола медальға қол жеткізді.

Эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Қазақстан ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафета жарыстарында да бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: