Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 17:23 Сурет: olympic.kz
Слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы спортшыларымыз "байдарка-кросс" сынында көзге түсті.

Александр Коробов екінші орын иеленді. Екатерина Таранцева қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таранцева "байдарка жалғыз" жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева "каное жалғыз" сайысында қола жүлде еншілеген еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: