Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 17:02 Сурет: olympic.kz
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы турнирде алғашқы медалін жеңіп алды. Оның авторы - Ясмина Тоқсанбаева.

Спортшы 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлдені иеленді. Тоқсанбаева бұл қашықтықты 01:32:22 уақытта жүріп өтті.

Бірінші орынды қытайлық Инь Хан жеңіп алды - 01:30:44. Одан кейін мәре сызығын тағы бір Қытай спортшысы Ма Ли кесті - 01:32:08.

Ерлер арасындағы осы бағдарламада Георгий Шейко сегізінші орынға табан тіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: