Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында командалық есепте төртінші орын алды

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында командалық есепте төртінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2025 12:15 Сурет: olympic.kz
Оңтүстік Кореяның Куми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы бұл додада алты медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Нора Джеруто (3000 метрге кедергілермен жүгіру және 5000 метр) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) жеңіп алды.

Күміс жүлдеге биіктікке секіруден Елизавета Матвеева қол жеткізді.

Қола жүлдені Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте жеңіп алды. Сонымен қатар Дейзи Джепкемей 3000 метрге кедергілермен жүгіруден де қола жүлдегер атанды.

Командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы Қатармен бірге төртінші орынға тұрақтады — екі елдің де медаль саны бірдей.

Жарыс көшбасшысы — Қытай (19 алтын, 9 күміс, 4 қола), екінші орында — Үндістан (8 алтын, 10 күміс, 6 қола), үздік үштікті — Жапония түйіндеді (5 алтын, 11 күміс, 12 қола).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: