Қазақстан жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алғашқы медальдарын жеңіп алды

Қазақстан жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алғашқы медальдарын жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 18:07 Сурет: olympic.kz
Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы алғашқы медальдарын жеңіп алды. Екі жүлде де жетісайыстағы нәтижелер үшін табысталды.

Жетісайыста 5089 ұпай жинаған Полина Кузубова чемпион атанды. Ал Асылзат Қыдырбай 4355 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Күміс медальді Өзбекстан спортшысы Софья Николаева жеңіп алды — оның көрсеткіші 4904 ұпай.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: