Қазақстандық жеңіл атлет Әлем чемпионатында алғашқы ондыққа енді

Алина Чистякова, жеңіл атлетика, Әлем чемпионаты, Перу, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2024 11:33 Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Перудің Лима қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Алина Чистякова жарыс қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жерлесіміз жетісайыста бақ сынап, жалпы есебі 5 161 ұпай жинады. Осылайша, ол жарысты тоғызыншы орында аяқтады. 

Ал бұл бәсекеде хорватиялық Яна Кощак жеңіске жетті. Оның еншісінде 5 807 ұпай бар. Екінші орын швейцариялық Люсия Акланға (5 755), үшінші орын чехиялық Адела Ткачоваға (5 601) бұйырды. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Ирина Конищева жарысты 12-орынмен аяқтады. 

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: