Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Сурет: olympic.kz
Шымкентте спорттық атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы стенд атудан өз жеріндегі турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анастасия Молчанова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ол "скит" бағдарламасында сәтті өнер көрсетті.
Алтын медальды Қытай спортшысы Цзян Итин иеленді. Оның командаласы Чэ Юйфэй екінші орынға табан тіреді.
Бұған дейін қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкенттегі турнирде төрт алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript