Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.
Айта кетейік, 25 сәуірде 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Довлатов пен Нұраділ Әлжан, сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренғайыпов қола медаль үшін күресетін болады.
Бұған дейін Туризм министрлігінің Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне берілетін төлемдерге қатысты мәлімдемесін жариялаған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript