Ғалия Тынбаева дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, әйелдер арасында 48 келі салмақтағы қола медальға Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынова таласқан болатын.
Кездесуде Тынбаева жеңіске жетіп, құрлық додасында үздік үштікке енді.
Ал биылғы маусымда қатысқан барлық жарысында жүлде алған Әбиба Әбужақынова Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Алда тағы үш татами шебері қола медальға таласатын болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript