Туризм министрлігі Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне берілетін төлемдерге қатысты мәлімдеме жасады

Доллар, Олимпиада, Паралимпиада, мемлекеттік төлем, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 17:28 Сурет: freepik
ҚР Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік төлемдер жолданып қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратпен құзырлы ведомство 2025 жылы 25 сәуірде әлеуметтік желіде бөлісті.

"Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды", делінген хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:

  • 1-орын — 250 000 АҚШ доллары;
  • 2-орын — 150 000 АҚШ доллары;
  • 3-орын — 75 000 АҚШ доллары;
  • 4-орын — 30 000 АҚШ доллары;
  • 5-орын — 10 000 АҚШ доллары;
  • 6-орын — 5 000 АҚШ доллары.
"Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі". ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі.

"Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады".ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 23 сәуірде Алматының спорт басқармасы 2024 жылғы Олимпиада жүлдегерлеріне баспана беру жайына қатысты пікір білдірген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: