Дзюдодан Азия чемпионаты: Шерзод Давлатов өзбек балуанын жер жастандырып, "қола" ұтты

Шерзод Давлатов,  дзюдо, Азия чемпионаты, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 18:42 Сурет: olympic.kz
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. 

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді. 

Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күрескен еді. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді. 

Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: