Отандық спортшы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Велоспорт, Евгений Федоров, Таиланд, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 21:48 Сурет: ҚР ҰОК
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Таиландтың Пхитсанулок қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы жекелей жарыста қарсыластарынан басым түсті.

Мәреге екінші болып Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Дмитрий Груздев келді.

Үздік үштікті тайваньдық Чун Кай Фэнь түйіндеді.

Бұған дейін Азиада ойындарында керлингтен Қазақстанның қыздар командасы үшінші жеңісіне қол жеткізгенін хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: