Азиада ойындарында керлингтен Қазақстанның қыздар командасы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Керлингтен Қазақстанның қыздар командасы 11 ақпанда Харбиндегі Азия ойындарында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, біздің керлингші қыздар Қатар құрамасын сенімді түрде жеңді. Есеп: 11:2.
Қазіргі уақытта команданың активінде екі жеңіліс пен үш жеңіс бар.
Сондай-ақ, бүгін, 11 ақпанда ерлер құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыластарын жеңе алмады. Есеп: 12:2.
Бұған дейін грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript